Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден озды

image.png

Белгілі композитор, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Дүйсенов өмірден озды. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде марқұмның әріптестері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері артында қалған отбасына көңіл айтып жатыр.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. 1997 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдағаннан кейін ҚР Халық әртісі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің Музыка және орындаушылық өнер кафедрасында сабақ береді. Ол осы аралықта республикалық және халықаралық конкурстарда топ жарған жас талантты әншілер мен актерлердің тұтас буынын тәрбиелеп шығарды.

Өнер қайраткерінің өзі де бірнеше мәрте республикалық ән байқауларында жеңімпаз атанып, 50-ге жуық елде гастрольдік сапармен болған.

Сонымен қатар, Арман Дүйсенов «Хабар» және «Ел арна «телеарналарында «Айбын», «Достархана», «Тапқыр достар», «Дудар-ай» және «Хабар-старс» бағдарламаларын тізгіндеді.

Арман Дүйсенов көпшіліктің сүйспеншілігіне айналған бірнеше кинотуындыға музыка жазған. Бұған қоса, оның «Кездер-ай», «Арман», «Сені сағындым», «Жан қызым», «Ауылдағы қыз» сияқты туындылары халық арасында кең таралған.

ҚР Мәдениет қайраткері Арман Дүйсенов өмірінің соңғы жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Гүлдер» филиалының директоры қызметін атқарған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден озды
  • «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтеді
  • Шайынды суды тазарту көлемі 150 мың текше метрге дейін ұлғайтылды
  • Результаты аудиторского мероприятия проведенного в ГККП «Бейнеуская школа искусств имени Кулшар Бакт
  • Результаты проведенного аудиторского мероприятия в КГУ «Профессиональный футбольный клуб «Каспий» Уп