Гаухар ана кесенесінің тұла бойы тылсымға толы

Screenshot_8.jpg

Шекарасы көкжиекпен шектесетін кең-байтақ Түркістан даласы тылсым сырға толы. Әрбір тасы тарихқа тұнып тұр. Мұнда әулие-әмбиелердің ізі қалған. Ғалымдар, билер, хандар мекен еткен. Талай жыл Қазақ хандыңының астанасы болған. Қазақ халқының тарихы Түркістан даласымен тығыз байланысты. 

Түркістан даласында тек хандар емес, оларға қолдау көрсеткен абыз аналардың ізді сайрап жатыр. Дана аналарымыздың да тарихтағы алар орны ерекше. Соның бірі – Гаухар ана. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Деректерде анамыздың ақылы көркіне сай ерекше жан болғандығы айтылады. Гауһар ананың қашан қайтыс болғаны жөнінде мәлімет жоқ, тек 11221124 жылдары туып, шамамен 1187-97 жылдары дүниеден озған деген жорамал бар.

Гауhар ана кесенесі (ХІІ-ХІV ғғ.) Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде, Түркістан – Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 400-500 метр қашықтықта орналасқан. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар артезиан суы шығатын құдықтар көптеп кездеседі. 

Гауһар ана бейіті 1989 жылдан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы қарамағына енгізіліп, қорғауға алынған. Ал 2015 жылы ананың кішігірім бейітіне «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қайта кесене тұрғызды. Кесене аумағы гүлзарлармен абаттандырылып, ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Туристер мен қонақтарға жайлы жағдай жасау бүгін де күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Бұл орайда, Гауһар ананың қабір жапқышы жаңартылып, кілем мен қонақтарға арналған төсеніштер ауыстырылған. Соны¬мен қатар, кесене мен құдық суы¬на апаратын аяқ жол бойына арнайы құмыралар орнатылып, гүлдер қондырылған, аула тас¬тардан тазартылған.

«Әзірет Сұлтан» кесенесінде ұзақ жылдар мұражай директоры болған О.Дастанов ақсақалдың ел аузынан естіген аңызы бойынша, Гауһар ана қайтыс боларында «Мені інім Ибраһим шайхтың қаны төгілген жерге қойыңдар» деп өсиет етіпті. Аңызға сенсек, Ибраһимді Сүйір деген халық өздері қазған арықтан рұқсатсыз су алғаны үшін кетпенмен шауып өлтірген, яғни бұл Сүйір арығының жағасы болуы керек. Нақақтан-нақақ жаны қиылған бауырының қаны төгілген жерде Гауһар ананың мазары жатыр.

Гаухар ана кесенесі – өте көне ескерткіштердің бірі. Тіпті, патшалық Ресей кезінде ескерткіш мүжіліп, жартысы құлап қалған екен. Кейін ел тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта кесене тұрғызылды.

Бүгінде Гаухар ана кесенесіне келушілер нөпірі өте көп. Олардың көбі дертіне шипа іздеп келеді. Талай жанды емдеп, ауруынан айықтырған қасиетті ананың шарапаты тисе деп тілейді. Тіпті кейбіреулер дертінен құлантаза айығып кетіп жатады.  Бұл не құдірет? Табиғаттың тылсым сыры.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі