Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жаңа басшы келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2021_05_04_210504134304078e.jpg

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, академик.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. 

Эгей унивреситетінде "Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы" деген тақырып бойынша диссертация қорғаған (1998). 

Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген (2001 ж.). 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010 ж). 

2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.

2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.

2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.

2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.

2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды, және Түркі әлемі", 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени шараларын ұйымдастырды.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. 

2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерзімге тағайындалды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жаңа басшы келді
  • Түркістанда медицина саласында халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді
  • Аудандық ауруханалардың мәртебесі артады - Денсаулық сақтау министрі
  • «AMANAT» партиясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды
  • Түркістанда «қамқорлық» оңалту орталығы ашылды