Nur Otan-ды «Аманат» партиясы деп өзгерту ұсынылды

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезі кезінде айтылды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Nur Otan партиясын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды.

Депутаттар қаңтар оқиғасы кезінде елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берген қиын шешімдердің мәнін тұрғындарға ашық жеткізді. Сайлаушыларымыз ел ішінде келісім мен түсіністік сақталған кезде ғана мемлекет одан әрі дамиды деген болатын. Қоғамымыз үлкен өзгерістер алдында тұр. Біз жаңа Қазақстанды құруға кірістік, - деді Мәжіліс спикері.

Қошанов елімізді жаңғырту үшін Президенттің бастамасымен реформалар қолға алынып жатқанын айтты.

Жасалынып жатқан жұмыстар халықтың мүддесін көздейді. Біздің партиямыз бұл өзгерістердің бел ортасында болатыны анық. Ашығын айтқанда, елмен бірге партиямыз да жаңғыруы керек. Ұйымның идеологиясын жаңа бағыттармен толықтырып, тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуіміз керек. Осы орайда партияның атауы өзгеріп, жаңаруы керек. Мұндай өзгерістердің қажет екенін өңірлерге барған кезде байқадық. Бұл мәселе алдын ала жан-жақты талқыланды. Сол себепті партияның атауы «Аманат» деген атауға лайық деген ойға келдік, - деп атап өтті ол.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі