Зеленский Путиннің ұсынысына келісті

Screenshot_6.jpg

Украина Президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путиннің ұсынысына келісімін берді және ол атысты тоқтату мен бейбтшілік туралы келіссіөз жүргізуге дайын.

Украина Президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, қазіргі таңда келіссөздер өтетін орын мен оның уақыты белгіленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат реселік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Украина келіссөздер жүргізуден бас тартты деген ұғымды жоққа шығару керек болып тұр. Украина әлемде атысты тоқтату мен бейітшілік туралы сөйлесуге дайын екендігін мәлімдеп келген, әлі де солай болып қала бермек. Бұл біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз РФ Президентінің ұсынысына келістік, - деп жазды Сергей Никифоров жұма күні өзінің Facebook парақшасында.

Осы уақытта келіссөздер жүргізілетін орын мен оның уақыты келісіліп жатыр. Келіссөздер неғұрлым ерте басталса, қалыпты өмірге соғұрлым ерте ораламыз - деп жазды ол.

Осыған дейін Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Минскіге Ресей делегациясын жіберуге дайын екенін мәлім еткен болатын.

Кешірек Песков Украина тарапының келіссөздерді Беларуссия астанасында жүргізу туралы ұсынысқа оны Варшавада өткізу туралы айтып, кейін байланысты үзгендігін айтты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі