Базарларда бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу керек – Смайылов

Screenshot_1.jpg

Премьер-министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Өңірлер бойынша тұрақтандыру қорларындағы қорлар тұрғысынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы және монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Өңірлер бойынша бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Алматыда 0,6%-ға, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға тіркелді. 

Соңғы аптада тұрақтандыру қорларында 100,7 мың тонна көлемінде картоп қоры жасалды. Сондай-ақ, 31,7 мың тонна сәбіз, 24,5 мың тоннаға жуық қырыққабат, 23,5 мың тонна пияз, 11,6 мың тонна қарақұмық жармасы және 22 мың тонна күнбағыс майы бар. 

Бүгінде өңірлер көкөніс өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін осы азық-түлік қорларын сата бастады.

"Жекелеген көтерме-бөлшек сауда базарларында бағаны негізсіз көтеру байқалуда. Бұған жол бермеу керек. Себебі, бұл инфляция үрдістеріне ықпал етеді. Бұл салада мүмкін, қадағалау органымен бірге тәртіп орнату қажет. Жедел шаралардан басқа, өндірушілердің көтерме-бөлшек базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормаларды белгілеудің жүйелі шараларын әзірлеу қажет", – деді Ә. Смайылов. 

Кеңес барысында инфляцияны бақылаудың кешенді шараларын қабылдау мәселесі қаралды.  

2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету шаралары кешенінің жобасы әзірленді, ол жедел және орта мерзімдік сипаттағы 66 іс-шараны қамтитын 5 бағыттан тұрады. Олар өнім өндіру көлемін ұлғайтуды, тауарларды сақтауды, логистикасын, тасымалдауды, тауарлардың бөлшек саудасын, баға белгілеуді бақылауды, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді көздейді. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу, сондай-ақ Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында сату кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендету бойынша 5 акті жасады. 

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде қосымша жобаларды іске асыру мәселесін қарастырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бағдарлама шеңберінде білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау саласындағы 130 жобадан тұратын тізім жасалды. 

Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша батыс өңірлерде 8 медицина нысаны, 15 білім беру нысаны, 14 спорт, 15 мәдениет нысаны, оңтүстік өңірлерде 26 медицина нысаны, 23 білім беру, 14 спорт, 15 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады.  

Аталған іс-шараларды іске асыру республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріндегі 112 ауылдық елді мекенде тұратын 500 мыңнан астам ауыл тұрғындарына медициналық, білім беру, спорт және басқа да қызметтерді ұсыну сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.        


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі