Дариға Назарбаева бүгін мәжіліс отырысына тағы да қатыспады

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сәрсенбі, 16 ақпанда өткен пленарлық отырысқа қатыспады. Парлманетте депутаттың әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

"Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында", - деп мәлімдеді мәжілістің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясын жұқтырған соң қалпына келуі үшін қаңтар айының соңына дейін демалыста болатыны айтылған еді. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева парламент отырысына жыл басынан бері қатыспаған. Ол жаңа премьер-министр таныстырылған мәжіліс отырысында да болмаған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі