Шардара су электр станциясы апатқа байланысты жұмысын тоқтатты

"Шардара су электр станциясы" жарық сөнуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті. Бұл туралы "Самрұқ-Энерго" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Screenshot_5.jpg

"Шардара су электр станциясы" АҚ" ішкі жарық желілерінің өшуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті", - делінген компания хабарламасында. 

"АлЭС" АҚ мен Мойнақ су электр станциясы жүктемесін сақтап қалған. Қазіргі уақытта Жүйелік оператор пәрменімен қуатты арттыруда. 

"Самрұқ-Энерго" АҚ-ның солтүстіктегі қуатпен қамтамасыз етушісі – Екібастұз ГРЭС-і жүктемені еш ақаусыз орындауда. 

Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы 6 қуат блогы жұмыс істеп тұр. Жүктемесі 2 930 МВт, ал ГРЭС-2 станциясында жүктемесі 950 МВТ-қа тең екі қуат блогы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, түскі уақытта Алматы, Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларында бір уақытта жарық сөнген еді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі