ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5320801-2 «Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтекауданынан екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы" жұмыстарына техникалық қадағалау қызметтері» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
К.Бейсенбай,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманның м.а.