Нығматулин Әзербайжанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовты қабылдады.

06394888b0a248f15c3e085e7196d977.jpg

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, палата спикері елшіге екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. 

Палата төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңыздылығына назар аударатынын айтты.  Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Қазақстанмен стратегиялық серіктес ел ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты. 

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандырып, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды. 

Нұрлан Нығматулин мен Рашад Маммадов парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі