Тұрғындар тәулік бойы ауыз су тұтынады

Түркістан облысының Түлкісбас ауданында Шақпақ-баба елді мекенінің тұрғындары биылдан бастап таза ауыз суды тәулік бойы үздіксіз тұтынады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

176734273_279395517222370_1390725078620327003_n.jpg

Биыл Шақпақ-баба ауылдық округінің орталығындағы 28 шақырымнан асатын ауыз су құбыры толығымен жаңартылып, нәтижесінде 621 абонент 24 сағат таза ауыз сумен қамтылады. Бұл осы күнге дейін кестемен ауыз су беріліп келген шақпақбабалықтар үшін қуанышты жаңалық.

Өткен жылдың қорытындысымен аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында берген есебінде және округ ақсақалдарымен кездесуінде көтерілген басты мәселе ауыз су жүйесін жаңарту болатын. Көп жылдан бері шешілмей келе жатқан түйіткіл осылай тез арада көп ұзамай шешімін тапты. 

176449279_279395550555700_9025654183310154921_n.jpg

Бүгін бастау алған су нысанының құрылысымен аудан әкімі арнайы барып, танысты. Ауыл ақсақалдары да қуанышты жаңалықтан тыс қалмай құрылыс басына жиналып, көп жылдан бері шешімін таппай келген мәселені шешуге ат салысқан аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, халық игілігі үшін басталған игі істің баянды болуы үшін баталарын берді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұрғындар тәулік бойы ауыз су тұтынады
  • Хабиб Нұрмагомедов алдағы жоспарымен бөлісті
  • Баку мен Ереван атысты уақытша тоқтату жөнінде келісімге келді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды
  • Шымкент: Егіс алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді