Туристерге озық технология арқылы мәлімет беріледі

3ffc497629744c74a44defb74cfdea77.jpg

Бүгінде Елбасы Жарлығымен облыс орталығына айналған көне шаһар - Түркістанда туризм саласы жан-жақты дамып келеді. Туризм – кірісі мол сала. Аз шығынмен көп кіріс әкелуге болады. Туризм үшін ең бірінші кезекте өңірдің бай тарихы, экзотикалық табиғаты, жұртты еріксіз елітетін аңыз-әфсанасы болу керек. Ал, Түркістан бұл критерийлердің бәріне сәйкес келеді. Ендігі кезекте Түркістанда туристерге лайықтап инфрақұрылымды дамыту керек. 

Түркістанда биыл туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада 360 фонарамалық сьемка бағдарламасы енгізілді. Яғни келген саяхатшылар әр нысанның басына бармай-ақ арнайы бағдарламалық көзәйнек арқылы ғимараттың ішінде жүргендей әсер алады. Бұл технология туристерге Түркістанның барлық әлеуетін түрлі бұрыштардан виртуалды түрде көруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жүруден әбден шаршаған, бірақ, «көрсем, білсем» деген қызығушылығы жоғары туристер зор мүмкіндік беріледі. 

Сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерге «Түркістан қаласының интерактивті – туристік картасын» қою жоспарлануда. Интерактивті-туристік картадан турист өзінің бара жері қандай екенін, онда қандай нысандар бар екенін біле алады. Бұл арқылы турист туристік мекен жөнінде барлық мәліметке қанығып, «баруға лайық па, шарап қалмай ма», бәрін жоспарлап, бағдарлай алады. Мұның бәрі тайм-менеджменті қатаң ұстанатын, уақытының әрбір секундын бағалайтын шетел азаматтары үшін өте маңызды. Олар адасып қалып, уақытын зая кетіргісі келмейді. 

Сонымен қатар қаланың туристік-сервистік бағытын дамыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі