Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды. Құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үйлерге берілуде. Қалалық құрылыс басқармасының ағымдағы жылға арналған даму бюджеті 45,2 млрд. теңгені құрап, оған 113 нысанның құрылысы жоспарланған. 

image.png

Оның ішінде  281,1 мың шаршы метр үй салынады. Яғни,  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. 

Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тұран шағын аудандарында 65 кредиттік тұрғын үйдің (4064 пәтер) құрылысын  жүргізу жоспарланған. Биыл 33 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, 2 096 азамат кредиттік баспанаға қол жеткізеді.

Сондай-ақ, 14 арендалық тұрғын үй салынуда. Оның 6-ы әкімшілік-іскерлік орталығында, 8-і Тұранда. Биыл 6 үйдің құрылысын аяқтап, 336 пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы осы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 айда пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 397,9 мың шаршы метрге жетті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке