№61 және №72 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгерді

Шымкентте №61 және №72 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгерді. Қаланың кешенді схемасына сәйкестендіріп, халықтың сұранысына ыңғайлап қайта ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. №72 «Алаш базары - МШК» аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді. Маршрут май шикізат комбинаты аумағындағы тұрғындарды толық қамтитыны анықталды және сызбасы бойынша аймақтың ішіне ендірілді. 

image.png

Маршруттағы автобус саны 12, сенбі, жексенбі күндері 10 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал аралық интервал 18 минутты құрайды. Автобустар кең және сиымдылығы жоғары болғандықтан елдімекендегі тұрғындарды толық қамти алады. Ал №61 маршрутта зерттеу жұмыстары нәтижесінде адам аз отыратыны анықталды. МШК ауданыңдағы халықты №72 маршрут қамти алғандықтан, бұл маршрут «Ташенов көшесі - 8 көше» аралығында қызмет көрсетеді. Маршруттағы автобус саны - 6, ал аралық интервал 15 минутты құрайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке