Елбасы Н. Назарбаев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өткен болатын
Осы негізде, "Ауыл - Ел тірегі" жобасы аясында 2021 жылы ағын су беру науқаны басталмай тұрып, Көлкент ауыл округінде жалпы ұзындығы 7 шақырым канал мен ішкі арықтар тазаланған болатын.
«Ауыл – ел тірегі» онкүндік жобасы аясында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Ақсу» МКК тарапынан Көлкент ауыл округінде «Анарарық» каналына 1 шақырым механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.