Сайрам жұртшылығы Батыстықтарға көмек қолын созуға дайын

Биылғы ауа райының қолайсыздығы қуаңшылық жағдайын алып келіп отыр. Әсіресе, Батыс өңіріндегі қуаңшылық күллі қазақ жұртшылығына ауыр тигені сөзсіз. Осы негізде, Батыстық ағайындарға қолдау ретінде ел көлемінде біршама шаралар жүзеге асырылуда. Аталмыш, қайырымдылық шарасын Сайрам жұртшылығы да қолға алды. 

image.png

Сайрам ауданының Құтарыс ауылдық округінің мешіт имамы Арыстан Оспанов ауыл тұрғындары, қоғам белсенділерін, жастарды батыс өңіріне көмек беруге шақырып, игі бастаманы қолға алды.

Арыс өзені бойынан қамыс орып, жем-шөптен тарығып отырған батысқазақстандықтарға қол ұшын созуға құтарыстықтардан бөлек, Қарасу ауылының шаруалары да жұмылуда.

Атап айтқанда, "Мәртөбе" Агрофирмасының басшысы мен шаруалары жем, шөп, престелген жоңышқа жіберуге дайын.

Бірер күнде Сайрамдықтар осылайша қуаңшылықтан зардап шеккен отандастарымызға көмек жүгін жөнелтпек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды