Төле би ауданында туризмге қолайлы аймақтар көп. Туристер арасында ең танылғаны Біркөлік шатқалы. Біркөлік шатқалы – Төле би ауданында, Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1100 м. биіктікте Тянь-Шань тау сілемдерінде орналасқан. Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі. Шатқал бойынан, тасты жырақтардан, тау бұлақтарынан басталған Біркөлік өзені ағып жатыр. Оның таза, мөлдір, салқын суы шатқалдың жасыл алқабын суландырып, ауаны аэроиондап, айналаға салқын жел алып келеді. Таудың жасыл желегі ауаға бактеростатикалық әсер етіп, фитонцидтермен тазартады. Жалпы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек-тамыр жүйелеріне әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітеді.
Міне, осындай табиғат етегінде демалғанды ұнататындар үшін мұнда көптеген демалыс орындары ашылған. Соның ішінде «Dolana Tau» демалыс аймағына келушілердің қатары жыл санап артып келеді.
Көрікті, таза, жайлы мекенде:
- Барлық жағдайы жасалған коттедждер
- Монша
-Бассейн
- Жазғы тапшандар
- Арнайы от алау жағуға арналған орындар қарастырылған.
«Долана таудың» басты ерекшелігі мұнда 150 метр биіктікте орналасқан сырғанақ (тюбинговая горка)бар. Адреналинді қалайтындар үшін сырғанақта жылдың кез-келген мезгілінде қызмет көрсетеді. Балалар мен қатар ересектер де мұның рахатын сезіне алады.
Демалыс аймағында туған-туыстармен, достармен жылы атмосферада өткізуге шақырамыз.
Сіздердің жақсы демалыстарыңыз үшін мұнда бәрі бар!
Байланыс нөмірі: +7778 833 77 77
+7778 833 88 88