"Қазсушар" РМК Бас директоры Алтай Елжасовтың ағымдағы жылдың суармалы кезеңінде ағын сумен уақытылы қамтамасыз ету үшін облыс тұрғындарымен байланыс орнату және тарифтік бағаның өсімі туралы ақпараттандыру бойынша берген тапсырмасы бойынша "Қазсушар" РМК-ның баспасөз хатшысы Аслан Жеңісов және “АТАМЕКЕН-ЭКО” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, қоғам белсендісі Жібек Әшірхантегі Түркістан облысына жұмыс сапарына келді.
Жұмыс сапары барысында олар Шардара ауданының шаруаларымен кездесуден бастау алды.
Аслан Жеңісұлы өзінің баяндамасында су шаруашылығы және гидромелиративтік жүйелерді тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жүктемені азайту мақсатында Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңғырту үшін бірыңғай тариф бекіту қажеттілігі туындағанын мәлім етті. Тарифтік бағаның өсімінің негізгі себептерімен таныстырып, ауыл тұрғындарының пікірлерін тыңдады. Ауыл тұрғындарының атынан түскен бірнеше ұсыныстарды тыңдай отырып, алдағы уақытта нақты шешімдерге қол жеткізу үшін күш-жігерімен жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Бұған дейін Шардара ауданында ағын суға қатысты мәселе бойынша парламент депутаттары да келіп, шаруалармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдап кеткен болатын.