Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Сметалық құны-771,683 млн. тенге құрайды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесімен мердігер мекеме "Ақ Орда Корпорациясы" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы Ж.Абданбеков, бөлім маманы мен Көлкент ауылдық округі әкімі У.Юлдашов жүргізіліп жатқан құрылыстың бас қасында болып, мердігер мекеменің жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі Ұ.Сәдібековтың тапсырмасына сәйкес, 2021 жылдың ақпан айындағы ауыл әкімінің есеп кезіндегі өзекті мәселенің бірі болған Көлкент ауылдық округі Көлкент елді мекенінің газбен жабдықтау желілерін салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Сметалық құны-2418,488 млн. тенге құрайды. Бүгінгі таңда облыс бюджет есебінен қаражат қарастыруға өтінім тиісті құжаттарымен бірге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылып, 150,0 млн. теңге қаражат қарстырылды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.