Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі. Ресми құжат немесе ісқағаздар дегеніміз — адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажетті материалдар. Ісқағаздардың қоғамның барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар. Сондықтан олар сол белгілері арқылы бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады.
«Ауыл — ел тірегі» жобасының аясында, Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы мамандарының қатысуымен, Қарамұрт ауылдық округі әкімшілігі аппаратының 2021 жылғы іс-қағаздарының сауатты жазылуына, құжаттардағы ресми стиль заңдылықтарының сақталуына талдау жасалып, зерделеу жұмыстары жасалынды. Атап айтқанда, өкімдер мен бұйрықтар, шешімдер, мекеменің шығыс құжаттары, жалпы саны 669 құжат қаралды. Әкімшіліктің жауапты мамандарына ісқағаздарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсетілді.
Айта кетері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде бастау алды. 16 мың тұрғыны бар Қарамұрт ауылдық округінде осы он күнде 112 іс-шара өткізу жоспарлануда.