Ордабасыда ауыл шарашылығы өнімдері 24 млрд теңгеден асты

5-1.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданының үстіміздегі жылдың 8 айында ауылшаруашылығы саласындағы өнім көлемі 24 млрд. 277 млн. теңгеге жетті. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 325 мың теңгеге артқан. Бұл туралы аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл ауданда 710 гектар егістік жер айналымға қосылды. Нәтижесінде 65 мың 774 гектар жер игеріліп, жоспар артығымен орындалып отыр. Бұл жоспар негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен орындалды.

Соңғы жылдары ауданда жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің саны артып келеді. Мәселен, 8 айдың ішінде 11 гектар жерге жылыжай салынып, жоспар 73 пайызға орындалды. Жалпы аудандағы жылыжай көлемі 83 гектарға жеткен. Оның 21-і өндірістік, 62 гектары фермерлік жылыжайларға жатады. Олардан бүгінге дейін 4 мың 708 тонна өнім жиналды. Оның 3 мың 621 жарым тоннасы қияр, 1 мың 86 жарым тоннасы қызанақ.

5.jpg

Сондай-ақ, аудан халқын жылыжай өндірумен айналысуды тұрақты қамтамасыз ету, халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы жылы Шұбар су ауыл округінен «Шұбар су жылыжай аймағын құру жобасы» қолға алынып, 15 га жер телімі бөлінді.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласына 4 млрд. 644 млн. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда екі есеге арттық.

Аудан бойынша жалпы сыйымдылығы 38 мың 50 тонна болатын 16 қойма бар. Оның ішінде 7 қойма сиымдылығы 8 мың 950 тонналық көкөніс сақтайтын, 9 қойма сиымдылығы 29 мың 100 тонналық астық сақтауға арналған.

Бұл қоймалар қажеттілікті толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан ағымдағы жылы Бадам ауыл округінен «Александровский сад» ЖШС-нің жеміс-жидек өнімдерін бастапқы өңдеумен айналысатын сиымдылығы – 1670 тонна. инвестициялық құны 815 млн. теңгені құрайтын заманауи қоймасы іске қосылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді