Түркістан облысының бағбандары биыл алма жинау рекорд жаңартады

119892838_787436872004598_6285103409662004624_n.jpg

Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бауды дамыту жылдан-жылға қарқын алып келеді. Нәтижесінде түлкібастық бағбандар осыдан екі жыл бұрынғы өнім алу рекордын қайта жаңартып, биыл  33 мың тоннаға жуық алма өндірмек. Қазірдің өзінде қоймаға 30 мың тонна алма жиналған.

119960615_787436808671271_2749679931366179583_n.jpg

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі бүгінде 2 мың 578 гектарға жеткен. Биыл ауданда 78 гектар жерге алма бауы отырғызылса, оның 50 гектары қарқынды бау. 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілсе, былтыр ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 мың тоннаны құраған.

Түлкібас ауданындағы алма өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтарының бірі «Кентау» ЖШС-і алғашқы өнімін жинай бастады. Жалпы алма бау көлемі 231 гектарды құрайтын шаруашылықтың 188 гектары қарқынды бау. Онда Гала, Фуджи, Голден делишес, Стар Кримсон, Легалина, Айдарет сынды алманың 12 түрі өсіріледі. Серіктестік маусымды жұмыспен 100-120 адамды, ал тұрақты жұмыспен 40 адамды қамтып отыр. Тұрақты жұмысшыларға алма бау маңынан арнайы жаттақхана мен оқу орталығы бар. Сондай-ақ өнімді қыс мезгілінде сақтау мақсатында шаруашылықтың жалпы сыйымдылығы 2000 тонналық заманауи қоймасы бар. Ондағы сақталған жемістер қыс мезгілінде еліміздің қалаларына жеткізіліп, саудаланады.

Сондай-ақ, Шақпақ ауылдық округіне қарасты «Көктал» ШҚ-ның алма бау көлемі 230 гектар болса, соның 30 гектары қарқынды бау. Шаруа қожалықта Апорт, Гала, Фуджи, Голден делишес, Легалина, Айдарет сынды алманың 14 түрі өсіріледі. Науқан кезінде 160 адамды, ал тұрақты жұмыспен 30 адамды қамтып отырған қожалықтың 2000 тоннаға дейін жеміс сақтайтын қоймасы да бар. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 600 тоннадан астам күздік алма жинап үлгерген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді