Түркістандағы құрылысқа қажетті бетондарды шағаратын зауыт табысы миллиардқа жетті

46.jpg

Түркістан облысында Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде өткен жылы іске қосылған бетон зауытының табыс көлемі миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«ФахриСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастапқыда 150 текше метр бетон бұйымдарын шығаруға қауқарлы болған. Ал, қазіргі таңда бұл кәсіпорын тәулігіне 600-700 текше метрге дейін бетон өнімдерін өндіріп келеді. Мамандар шығарылған өнім көлемінің бірнеше есеге артып кетуін Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен байланыстырадыЯғниаталған мекеме облыс орталығындағы құрылыс алаңдарына дайын өнім жеткізіпсұраныстың 60 пайызын қамтып отыр.
Серіктестікте 75 азамат жұмыс істеп келедіЖұмысшылардың басым көпшілігі ТүркістанКентау қалаларының тұрғындары.
Одан бөлекаталған мекеме газоблок шығаруды да қолға алудаБұл зауыттың құрылысы қазан айында толығымен аяқталып іске қосылатын боладыСондай-ақсеріктестік басшылығы келесі жылы асфальт зауытын салуды да жоспарлап қойған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді