Түлкібаста орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті

21.jpg

Түркістан облысын Түлкібас аудандық орталық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге биыл облыстық бюджеттен қомақты қаржы қаралды. Осы бағытта мердігер анықталып, емдеу мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылуда. 

Аудандық орталық ауруханада, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынды. Мұнан бөлек емдеу ұйымының неврология, перзентхана және генекология бөлімдерінің ғимаратын жыл соңына дейін толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне пайдалануға беру көзделген. 

Бүгінгі таңда емдеу мекемесінің күрделі жөндекден өткен бөлігі 270 төсек орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын. Жаңарту жұмыстары кезінде орталық аурухананың басты түйіткілді мәселесі ауыз су құбырларының ескіру де назардан тыс қалмады. Мәселені шешу мақсатында аурухана аумағындағы барлық ескірген құбырлар жаңартылып, ауыз су жаңа жүйеге қосылып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді