Мемлекеттік қолдаумен тігін цехын ашты

2.jpg

Түркістан облысында мемлекеттік қолдаумен кәсібін ашып, жұмысын жолға қойғандардың қатары көбейіп келеді. Соның бірі Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 млн 705 мың теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда Роза басқаратын облыс орталығындағы «Көне құмыра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіп иесі өнімге деген сұраныстың жоғары екенін, алдағы уақытта цехтың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

– Мұнда жұмыскерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Қызметкерлер мекеменің есебінен екі мезгіл тамақтанады. Сондай-ақ, жұмысшыларды тасымалдайтын арнайы көлікпен қамтамасыз етілген. Айта кетейін, мұнда жұмыс істейтін азаматшалардың басым бөлігі І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері. Одан бөлек, олардың қатарында есту қабілетінен айрылған жандар да бар. Жалпы цехта төсек орын тысын, ерлердің костюм-шалбарын, салаға байланысты арнайы киімдер дайындалады, – дейді кәсіпккер.

Айта кетейік, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп келе жатқан «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 2009 жылы құрылған. Аталған орталық негізінен облыс кәсіпкерлеріне несие және қаржылық лизинг беру арқылы қаржыландыру жұмыстарын жүргізеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді