Түркістан облысының шаруалары «Кең даланың» игілігін көруде

130.jpg

Түркістан облысында биыл алғаш рет арам шөптермен қатар, өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 477 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов мәлімдеді. Нәтижесінде 343 түрлі пестицидтер құнының 50 пайызы субсидияланатын болады. Қазіргі таңда осы жұмыстар бойынша агроқұрылымдардан өтінім қабылдау басталды.

– Агроқұрылымдарға сатып алған тұқымның құнын арзандату мақсатында 706,1 миллион теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 722 агроқұрылымнан өтінім түсіп, субсидиялау жұмыстары басталды. Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге «Кең дала» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайызбен несие бөлініп, бүгінгі таңда 1332 жоба қаржыландырылды, – деді Н.Бадырақов.

Жоғарыда аталған қолдаудың нәтижесінде, елімізде жарияланған карантиндік режимге қарамастан өсімдік шаруашылығының даму қарқыны тұрақты сақталып отыр. Атап айтқанда:

- Масақты дақылдар бойынша жалпы көлемі 513,2 мың тонна өнім жиналды. 

- Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 64,4 мың тонна дән қамбаға артық құйылды.

- Астық оруға қолда бар 993 дана астық комбайндары қатысып, өнім дер кезінде жиналды.

- Сонымен қатар, биыл 1,5 жылдық, яғни 3,7 миллион тонна мал азықтық дақылдарын жинау жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін жоспардың 97 пайызы толықтай орындалды.

Сондай-ақ, өңірдегі мал басының ұлғаюына орай, жем-шөп қорына сұраныс жылдан-жылға артуда. Нәтижесінде, нарықта жем-шөптің бағасы да артып, мал азықтық дақылдар еккен 17740 агроқұрылымның өнім көлемі мен табыстары артуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді