Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасында» көш бастады

111.jpg

Қазіргі уақытта Түрксітан облысы аумағында 142 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр.

Соңғы статистикалық деректер бойынша Түркістан облысының шағын және орта бизнесінің негізгі көрсеткіштері 2,4 пайызға артқан. ШОБ арқылы халықты жұмыспен қамту бойынша облыс республикада 2 орын, ал ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі бойынша алғашқы орынға жайғасты.

Түркістан облысының әкімдігі жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өңірде белсенді іске асырылып,бағдарлама шеңберінде 65,6 миллиард теңге сомасына 445 потенциалды жобалар пулы қалыптастырылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша көш басында. Аталмыш жобалардың 215-і қаржы институттары арқылы қаржыландырылды.

Жоғарыда аталған қолдау шараларынан басқа, 2020 жылдың соңына дейін «БЖК 2025» және Еңбек бағдарламалары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» және «Ырыс» микроқаржы ұйымы» өңірлік қаржы институттары арқылы, АӨК дамыту бағдарламалары мен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ШОБ-ты қолдауға 84 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталуда.

Аталмыш шаралар нәтижесінде 50 мыңға жуық кәсіп иелері қаржылық қолдауға ие болады деп күтілуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді