Келес ауданында кәсіпкерлер балық өсіру кәсібін қолға алды

119.jpg

Түркістан облысының Келес ауданында балық шарушылығымен айналысатын 4 шаруашық жұмыс жүргізуде. Олардың барлығы да соңғы технологиялармен жабдықталған. Соның бірі – Қошқарата ауылдық округінде орналасқан “Жақсылық жасау” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі.
Мекеме басшысы кооператив негізін 2018 жылы қалап, құны 250 млн теңге болатын жобаны іске қосқан. Бұл қаржының жартысын, яғни 125 млн.теңгені Үкімет тарапы субсидия ретінде бөлген. Мемлекеттің қолдауының арқасында кооперативтің тасы өрге домалап, шаруашылық күннен күнге өркендеп жатыр. Сумен қамту жөнінен де ешқандай қиындтар жоқ. "Ұшқын" елдімекеніндегі 250 гектар аумақтағы балық өсіретін аймаққа су Ащы каналынан келеді.
Шаруашылықта жергілікті ауыл тұрғындарынан 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алайда карантиндік шектеулерге байланысты бүгінде 6 адам жұмыс жасап істеуде. Олар балықты ұрықтандыру, ұрығы мен уылдырығын алу технологияларын жетік меңгерген. Кооператив басшысы алдағы уақытта қызметкерлер санын қайта көбейту мен шаруашылық қуаттылғын арттыруды жоспарлап отыр.
Балық өсіру шарбағында 15 мыңға жуық балық бар. Қазіргі көрсеткіш жоспардағыдан әлдеқайда төмен. Себебі мұнда әлі құрылыс жұмыстары толықтай бітпеген. Жұмыстар толықтай біткен соң бұл шаруашылық мемлекет деңгейіндегі импорттық және экспорттық тауар шығаратын кәсіптік нысан болып, ішкі экономиканың дамуына үлкен көмегін тигізері анық.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді