Бірқатар кәсіпкерлік нысандар жұмыстарын бастады

111.jpg

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес туризм объектілері мен ұйымдарға, оның ішінде қонақ үйлер, санаторийлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар сияқты нысандардың жұмыс істеуіне 24 тамыз күнінен бастап рұқсат берілді. Бірақ, аталған қызмет көрсету орындарының жұмыс істеу қуаты 80 пайыздан аспауы керек. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға болады. Алайда, мұндай жерлерде азаматтар үнемі маска кию режимін және 2 метрден кем емес әлеуметтік арақашықтықты сақтауы міндеттеледі.

Одан бөлек, сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр. Алайда, азаматтар қызмет алу үшін алдын ала жазылуы керек. Мұндай нысандар жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Тап осындай режиммен бассейндерсіз фитнес-орталықтардың және спорттық-сауықтыру орталықтары да жұмыс істейтін болады.

Одан бөлек, қаулыға сәйкес қоғамдық көлік қозғалысы жұмыс күндері сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектелңп, қоғамдық көлік жұмысы демалыс күндері тоқтатылады. Қоғамдық көлікте жолаушыларға міндетті міндетті түрде бетперде кию міндеттеледі. Ал, қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендерінің жанындағы балалар ойын алаңдарының, компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулинг орталықтарының, фудкорттардың, банкет залдарының, букмекерлік кеңселердің, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батуттардың, спорт залдарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің қызметі шектелді.

Ал, қоғамдық тамақтандыру объектілері күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып 30 орынға дейін ұжымдық іс-шараларсыз, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс істейді. Мұндай орындар тек жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жалпы басқа да кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін маскалар, қолғаптар кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауға міндетті. Халыққа қызмет көрсететін объектілер қызметкерлерін уақтылы ауыстырылатын бір рет қолданылатын қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған аспаптармен қосымша қамтамасыз етілу шарт.

Мамандар жоғарыда айтылған талаптарды сақтамаған азаматтар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді