Жеңілдетілген несие алып, құбыр шығару цехын ашты

104.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы тапсырмасы қай уақытта болсын күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қосымша көмектердің түр-түрі қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіп ашам дегендерге көмек көп. Соның бірі – Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылының тұрғыны Рустам Ибадуллаев мемлекеттік бағдарламаның аясында өз кәсібін ашып, ісін дөгелетіп отыр. Ол өткен жылы жеңілдетілген жолмен несие алып, полиэтиленді құбыр шығаратын цех ашқан. Бүгінде мұнда пластикалық құбырдың он түрлі диаметрін шығарып келеді.
– Қазір мұнда алты жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Осы жұмысшылар диаметрі 16-дан 110-ға дейінгі көлемде полиэтиленді құбыр шығарумен айналысады. Мәселен диаметрі 16 милиметрлі құбырдан сағатына 200 метр, ал 110 милиметрлігінен 50 метр өндіреміз. Цех күніне 2,5 тонна жарамсыз полиэтиленді өңдеуге қауқарлы, – деді Рустам Сабырұлы.
Бұл құбырларды негізінен шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатында тамашалатып суару әдісіне кеңінен қолдануда. Кәсіпорын әзірге облысымызды ғана дайын өніммен қамтамасыз етуде. Кәсіпкер алдағы уақытта цехты ұлғайтып, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді