Әл-Фараби ескерткіші мен «Даңқты бабалар саяжолы» жөнделуде

Әл-Фараби жылын атап өтсек

Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Отырар ауданындағы «Даңқты бабалар саяжолы» жөндеуден өткізілуде. Ұлы ойшылдың еңселі ескерткіші бой көтерген бұл нысан 2005 жылы салынған. Көптен бері жөндеу көрмеген саяжолды қалпына келтіру жұмыстарына 71 млн. теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Бұл қаржыға жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылып, 48,3 шаршы метр болатын аркаларды травертинмен, ауқымы 101,5 шаршы метр болатын Әл-Фарабидің ескерткіштері гранитпен қапталатын болады. Сондай-ақ, аяқжолға арналған жолдар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылатын болады. Бұдан бөлек, жарықшамдар орнатылып, сахна қайта түрленеді.

Сонымен қатар, аудандағы «Қасірет» мемориалы маңындағы аллеяға да ағымдағы жөнделуде. Жобаның жалпы құны 41 млн 750 мың теңгені құрайды. Мұнда 315,4 шаршы метр жерге аяқжол төсемелері төселіп, 315,3 шаршы метр жердегі гранит қаптамаларын ауыстырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қойылуда. Және жоспар бойынша аталған нысанға жарық шамдар орнатылып, көгалдандырылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді