Бір тәулікте сегіз мың құты су шығарады

50 жыл жөндеу көрмеген Нұра су құбыры күрделі жөндеуден өткізілмек

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында бүгінде тәулігіне бес және он литрлік құтымен сегіз мың дана ас суы дайындалады.
Серіктестікте қырық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге көлімінде. Цех мамандарының жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалған.
«Біз өндіріп отырған өнімнің сапасы кез-келген ас суымен бәсекелесе алады. Тауарға деген сұраныс та жоғары. Сұраныс артқан жағдайда біз де өнім көлемін көбейтеміз деген ойдамыз», – деді мемеке басшысы Рустамбек Махаммедов.
Сұранысқа байланысты дайын өнімнің басым бөлігі Атырау, Ақтау қалаларына жөнелтілуде. Серіктестік басшысы алдағы уақытта «Hydrolife» сусынын еліміздің барлық аймақтарына таратуды жоспарлап қойғанын айтады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді