Дәрігерлер жүкті әйелді аман алып қалды

49.jpg

Түркістан өңірінің дәрігерлері ми қан тамыры зақымдалған жүкті әйелді аман алып қалды. Бұл туралы отадан кеін аяққа тұрған Айжан Сүлейменованың өзі хабарлады.

Түркістан қаласының 36 жастағы тұрғыны Айжан Сүлейменова жүктіліктің 10-шы аптасында облыстық клиникалық ауруханасына ишемиялық инсульт диагнозымен ауыр халде жеткізілген. Миының қан тамыры зақымдалып, өміріне қауіп төнген науқасқа шұғыл түрде дәрігерлер консилиумының шешімімен ота жасалынады. Қазір ана мен құрсақтағы бала өміріне ешқандай қауіп жоқ.

Отаны нейрохирург-дәрігер Әсет Қыдыров жасаған. 2 сағат науқастың өміріне араша болып, кәсибі біліктілігін дәлелдеді. Айтуынша, инсульт ауруы қазіргі таңда жастар арасында да жиі кездесуде. Бастысы отадан кейін де дәрігер нұсқауларын бұлжытпай орындау қажет.

Науқастың өзі ақ халатты жандарға алғысын жаудыруда. 

– Қол-аяғым істемей, өте ауыр халге түсіп қалдым. Осы ауруханаға келіп, еміме шипа таптым. Дәрігерлерге шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Айжан Сүлейменова.

Сәтті ота аурухананың осыдан үш жыл бұрын ашылған рентгендік хирургия бөлімінде жасалынды. Аталған бөлімде заманауи медициналық рентгендік аппаратты қолдану арқылы бас ми тамырларының зақымдалуында, жүрек, қатерлі ісік пен урологиялық және басқа да ауруларға байланысты 30-ға жуық ота түрлері жасалынады. Биылғы жылдан бастап тіпті жүрек қан тамырларында коронаграфия мен стендтеу әдісімен ота жасау қолға алынған. Жыл басынан бері білікті дәрігерлер құрамы 360 сәтті ота жасап, талай жанның өміріне араша бола білді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді