Бес мыңнан астам дәрігерге үстемақы төленді

44.jpg

Түркістан облысында 5 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне жалақыдан бөлек үстемақы төленген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.
Оның айтыунша, қосымша ақыны 2-ші және 3-ші тәуекел тобының қызметкерлері алды. Олар – провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері.

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқаладыЕгер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстемақы алған болсамаусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқанСонымен қатарТүркістан облысында КВИ-ге қарсы күрес шараларына наурыз айында екі мыңдай медицина қызметкері қатысқан болсамаусым айында бес мың үш жүз медицина қызметкеріне жетті.

– Қазіргі таңда аурухана мен емхана қызметкерлерін қолдау үшін Қор алғы төлем сомасын 50 пайызға дейін арттырдыАл ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендесе де базалық қаржыландыру жүргізілдіСондай-ақпандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады– дейді Асхат Бейсенбаев.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді