Әзірет Сұлтан күмбезі қалпына келтірілді

36.jpg

Үш жылдан бері жабық тұрған Әзірет Сұлтан кесенесінің күмбезін жаңарту жұмыстары аяқталды. Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жіті қадағалауымен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе жүргізілді. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова кесенедегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысуы барысында айтылды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстарыортағасырлық Күлтөбе қалашығыХан ордасы мен мешіті орналасқан магистралды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Ал Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы 5000-нан аса біздің эрамызға дейінгі 1 ғасырда жасалған ежелгі алтын бұйымдар табылған.
Бұдан бөлекҚожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында туристер демалатынқалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталадыТарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліптабылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ.
Сондай-ақБ.Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынуда.
Атап өтейікҚожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді