«Тәртіпке бағынған құл болмайды»

46.png

Түркістан облысы Арыс қаласында  қала әкімінің орынбасары С. Дәрібайдың басшылығымен, құрамында Арыс қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдік мамандары, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мамандарынан құралған арнайы мобильдік топ Арыс қаласында орналасқан дүкендер, қоғамдық тамақтану орындары мен дәріханаларға кезекті рейдтік шаралар жүргізді. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дәрі-дәрмектердің шектік бағадан аспауын бақылау, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы рейдтік шара барысында талаптарды сақтамаған «Теремок» азық-түлік дүкеніне, «Пинта» сыраханасына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту актісі берілді. Аталған нысандар келушілерге бір реттік қолғапсыз, қорғаныс бетпердесінсіз қызмет көрсеткен.

Елдегі жағдайды өздерінің теріс мақсаттарында пайдаланғысы келетіндердің жолын кесу мақсатындағы рейдтік шаралар алдағы уақыттарда да жалғасатын болады.

Жалпы, карантин режимінің сақталуын бақылау, дәріханаларда дәрі-дәрмектің тапшылығына, бағасының қымбатамауына жол бермеу шаралары Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жүргізіліп жатыр. Рейд барысында анықталған заңбұзушылықтар, кемшіліктер бойынша хаттамалар толтырылып, әкімшілік шаралар көрілуде. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді