Өргебаста 43 үйдің шатыры жабылды

44.png


Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 193-і 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрған.

Келісім-шарт бойынша 193 үйдің барлығына І транш бойынша 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, тұрғындар үйлерінің құрылысын қарқынды жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, 7 тұрғын үйге ІІ транш бойынша тағы 25% қаржы аударылып, аталған үйлерге ішкі әрлеу жұмыстары жасалуда.

Қазіргі таңда 188 үйдің іргетасы қаланып, 105 үйдің қабырғасы өрілген. Сонымен қатар, 43 үйдің шатыры жабылған. Осы уақытқа дейін ауылда 190 үйге бұзу жұмыстары жасалыпты.

Жалпы елді мекенде 694 құрылысшы 60 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бұған дейін Өзбекстан Республикасы тарапынан өргебастықтарға 3 экскаватор, 1 камаз бен 30 адам қызмет көрсеткен болатын.

Айта кетейік, Өргебас ауылы 1971 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1256 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1203 гектарды құрайды. 1451 тұрғын тұрады.

Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медицина пункті мен 1 полиция пункті бар. Сонымен қатар, 155 шаруа қожалығы, 1 мал бордақылау алаңы, 3 сауда нүктесі мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді