"Шипа" арқылы 300 отбасыға дәрі-дәрмек жеткізілді

35.png


Түркістан облысында  халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде бірқатар шаралар қолға алынуда. Солардың бірі "Шипа" жобасы бойынша аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

"Nur Otan" партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін "Jas Turkistan" еріктілер клубы мен аудандардағы "жасотандықтар" және жастар ресурстық орталығының еріктілері тұрғындарға жеткізуде.

"Nur Otan" партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында "Өмір" және "Шипа" жобаларын қолға алған болатын. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.

Бүгінде аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтілді. "Jas Otan" жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.

- " Шипа" жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек-дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, "нұротандық" депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол",-дейді ол.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді