«Дәріхананың» қызметіне жүгінушілер көбейді

032.jpg


Түркістан облысында дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Облысқа шетелден қажетті дәрі-дәрмек әлі дле жеткізіліп жатыр.  Атқарушы органдар тарапынан дәрінің тапшылығынң болдырмау, бағасын өсірмеу шаралары қолданылуда. 

Осыған байланысты өңірде арнайы "Дәріхана" бағдарламасы іске қосылған болатын. Бүгінде мобильдік қосымшаны облыс тұрғындары тиімді пайдалана бастады. Мәселен, қосымшаға 35 мыңға жуық азамат тіркеліп, өзіне қажетті дәрі-дәрмектерді оңай табуға мүмкіндік алған. Айталық, шілде айының 14-23 күндері аралығында қосымшадан тұрғындардың 187 311 рет дәрі-дәрмек іздегені белгілі болды. Сондай-ақ, қосымшада кейбір медициналық препараттарға сұраныс артып, халықтан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жалпы облыс көлемінде бағдарламаға 7 дәріхана іздеу жүйесіне қосылса, 531 дәріхананың тізімдері мен мекен-жайлары енгізіліген. 

Айта кетейік, бұдан былай түркістандықтар дәріхананың мекен-жайын, байланыс нөмірін және іздеген дәрісінің бары-жоғын қосымша арқылы біле алады. Қажетті дәрі-дәрмекке анкета толтыру арқылы сұраныс жасап, ал ондағы азамат жайлы мәлімет 48 сағатта жойылатын жүйе де қарастырылған. Осылайша кез-келген азаматтың өзіне қажетті дәріні оңай табуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ, дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды жағдайлар орын алған болса да, "Шағымдану" бөлімі арқылы шағым жасауға мүмкіндігіңіз бар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді