Ордабасыда ағын су мәселесі шешіледі

008.png

Ағын су мәселесі енді ордабасылық шаруаларды уайымға салмайды. Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың ұйымдастыруымен, аудан аумағындағы 43 канал демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өткізілуде.

 Бүгінгі таңда 118 шақырым су арнасы толық тазаланып іске қосылса, 96,6 шақырымындағы жұмыстар 15 шілдеге аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 15 699 га жердің сумен қамтылу мәселесі шешіліп, қосымша 2 228 га жерді ағын сумен қамтуға мүмкіндік туады. 

Қараспан ауыл округіндегі 905 агроқұрылым жалпы 4 731 гектар суармалы жер көлемін пайдаланып келеді. Оның ішінде «Қараспан магистралды» каналы арқылы жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын 17 ішкі каналдармен ауыл шаруашылығындағы 4 258 гектар суармалы жер суарылады. Қалған 473 гектары Қажымұқан ауыл округіне қарасты «Құртай» каналы және су сораптары арқылы суғарылады. 

Аталған ауыл округінде бірнеше жылдан бері жаз айларында егістік жерлерге су жеткізу өзекті мәселеге айналған-ды. Бұл түйткілді түйінді түбегейлі шешу үшін Бадам өзеніне бөгет қойылып, ұзындығы 4,2 шақырым жаңа канал қазылды. Осылайша «Қараспан магистралды» каналына су жіберу арқылы 2 664 га жерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Атқарылған жұмыстарға Бейсен, Жаңатұрмыс, Ақжол, Мақташы, Сарыарық, Жұлдыз Ынтымақ, Мәдениет, Семхоз ауылдарының дихандары ризашылықтарын жеткізді. Шаруалар енді өнімдерінің артатынына сенімді. 

Ордабасы ауданында жыл басында 65 400 га егістік жерді игеру жоспарланған болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 65 709 гектарды құрады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді