Жетісайда қала және кент құрылыстарын жүргізу үшін бірнеше жобалар жасалып бекітілген. Солардың бірі орталық көшелерді жаңарту болып табылады. Атап айтатын болсақ, Жетісай қаласындағы Қожанов көшесі күрделі жөндеуден өтіп ені 16 метрге дейін ұзартылуда. Одан бөлек осы Қожанов көшесіндегі саябақ орналасқан аумағында қала тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасалып, Арбаттың құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Арнайы тұрғындар үшін аяқ және веложолдар салынады.
"Жетісай ауданын абаттандыру, көгалдандыру және жайластыру бойынша аудандық сәулет бөлімі тарапынан Сырабат елді мекенінің аумағынан ауданның атауы, кіре беріс көпірді жарықтандыру, жайластыру, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Енді Асықата кентінде де аталмыш жұмыстарды жасайтын боламыз " дейді Жетісай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Мақсұтұлы
Жетісай ауданына инвестиция тарту мақсатында Жетісай қаласынан, Атамекен, Қазыбек би ауылдық округтерінен индустралдық аймақ құру үшін жер телімдері қарасытрылып жеке кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ауданнан облыс орталығы алшақтау болуына байланысты және инвестиция тарту мақсатында аудан аумағынан кіші авияция ұшып қонатын аэропорт құрылысын жүргізу үшін жер телімі белгіленіп, анықтау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.