Түлкібастық шаруашалар бір жерден үш рет өнім алмақ

image.png

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен 265 гектар жерге 3 рет өнім алу жоспары Түлкібас  ауданда артығымен орындалуда. Яғни, бүгінде аудандағы 154 шаруа қожалығы 266 гектар жерден 2-3 рет өнім алуға ниет етіп отыр. Бұл туралы Түлкібас ауданында шаруаларға арналған семинар-кеңесте кең көлемде айтылды. Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың бастамасымен ұйымдастырылған семинар-кеңеске ауылдық округ, кент әкімдері, шаруа қожалығы төрағалары мен бір жерден 2-3 рет өнім алуға ниет білдірген диқандар қатысты. 

Көшпелі семинар барысында аудан әкімі бастаған топ ең алдымен «Андасбек» шаруа қожалығына барып, егіс алқабындағы жұмыстармен танысты. ШҚ төрағасы Әділбек Құрманбаев 5 гектар жерге ерте көктемде «Наташа», «Ривейра» сортты көкөністер егіп, әр гектардан 250 центнер өнім алмақ. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, 1 гектардан 1 млн. 325 мың таза табыс түсуі керек. Бірінші өнімді шілде айының ортасына таман жинап алуды жоспарлаған шаруа сол жерге артынша қияр егетінін айтты.

Ал, «Жұлдыз» шаруа қожалығының төрағасы С.Өмірбеков 1,5 гектарға аскөк егіпті. Шаруашылық төрағасы өнімді жинап алған соң орнына қияр отырғызу жоспары барын айтады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді