Түркістан облысындағы «бадам» индустриалды аймағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында

image.png

Түркістан облысы,  Ордабасы ауданында орналасқан  "Бадам" қазақ-түрік индустриалды аймақтың   құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд.теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар,  іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың  инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд.теңгені құрайды.

Алайда,  қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін жеткіліксіз. Өйткені, бастапқыда жүргізілген инфрақұрылым кәсіпорындардың мұндай жоғары сұранысына есептелмеген болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және осы «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының даму қарқынымен танысу мақсатында іссапармен Ордабасы ауданында болды. 

Облыс әкімінің орынбасары кездесуде жауапты сала басшыларымен  инфрақұрылымға қатысты мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Мейіржан Мырзалиев инфрақұрылым қуатын, оның ішінде электр және газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің қуатын 52 га дейін ұлғайту бойынша жаңа жобаны әзірлеуге тапсырма берді.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа серпіліс жасағалы отырған «Бадам» индустриалды аймағы әлеуетті инвесторлар үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды жоба болмақ. Оның үстіне Шымкент қаласына жақын орналасқандығы да өндіріс орындарының қызметіне өте тиімді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді