Ішкі туризм дамып келеді

image.png

Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімшілік орталығы Азаттық ауылында  4250 тұрғын бар. Мұндағы жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікке бейім келеді. Шаштараз, сұлулық салоны, үлкенді-кішілі халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысы да жандануда. «Еңбек»  бағдарламасы бойынша еңбек етіп жатқандар көп.

Түлкібас әулие кесенесі Азаттық ауылында орналасқан. Сондықтан болар шағын ауыл ішкі туризмнің дамуына қолайлы аймақ саналды.

Ауылда «Сыбаға», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттен көмек алып, кәсібін кеңейтіп жатқандар көп. Мәселен, «Форух», «Бектұрған» шаруа қожалықтарының иелері аталған бағдарламалар бойынша несие алып, несібесін арттырып отыр.

Ауылдық округте егіншілікпен қатар мал шаруашылғы да дамып келеді. Мал бордақылау алаңдарын ашу, шағын отбасылық сүт фермалар салу бойынша үлкен жобалар жүзеге асуда. Қазіргі уақытта «Адал» шаруа қожалығы мыңға жуық асыл тұқымды ірі қара өсіріп, ет экспорттауда. «Мөлдір», «Мақұлбек», «Райымбек» шаруа қожалықтары малды асылдандыру бағытында жұмыстар атқарып жатыр.

Ауылда көгалдандыру жұмыстары да тұрақт ыжүргізіліп отырады.  Әсіресе, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойына, Түркібасы әулиесі кесенесі маңына көшеттер отырғызылып, жасыл аймақ бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыстар тұрақты атқарылып келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді