Ағын суды 2 есеге үнемделіп, өнімділікті 3-4 есеге артады

image.png

Түркістан облысында  агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізуге басымдық беріліп отыр.

Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458,0 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11,0 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

2019 жылы АҚШ-тың «T-L», «Valmont Industries» және «Lindsey» компанияларымен және отандық ғалымдармен тығыз жұмыс жасап, алғашқы нәтижесі көрінді.

Тәжірибеде бұрын пайдаланылмай жатқан жарамсыз жердің өзінен жүгеріден 120 центнер, жоңышқадан 150 центнер, бидайдан 55 центнер өнім алып, облыстың орташа көрсеткішінен 2,5-3 есе артық өнім алуға қол жеткізілді.

Технология тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда, 341,0 шаруа қожалық 3 кооперативке біріктіріліп, техникамен қамтамасыз етілді, 886 га 21 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 18 бірлік жаңбырлатып суғару қондырғылары орнатылып, 2200 га жеткізілетін болады.

Маусым айының алғашқы он күндігінде, жаңбырлатып суғару арқылы егілген 300 га күздік бидай орылып, екінші өнімді егуге кіріседі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді