Кентау - экологиялық туризмнің жаңа нүктесіне айналады

image.png

Бүгінгі таңда туризм – экономиканың жедел дамып жатқан салаларының бірі. Ал, Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласына көшкен тұста, Кентау қаласының да туристік әлеуеті арта түсті.

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Кентау қаласында болып, қала әкімі Даурен Махажановпен Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Жалпы ауданы 230 га жер телімін анықтап, оның 50 га жер телімінде туристік инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлады. 

Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың санын арттыруға және жаңа туристік маршруттар ашуға септігін тигізетін болады.

Қаратау қорығы аумағы 34 мың гектар, онда Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан – жануарлар мекен етеді. 
Өз кезегінде Кентау қаласы әкімдігі ағымдағы жылы Хантағы туристік аумағына дейінгі 8 км жол, вело – жолақ және жарықтандыру жүргізуді қолға алып отыр. Алдағы күндері туристік жобаларды жасақтап, әлеуетті инвесторларға ұсынылатын болады.

Осыған байланысты, барлық әлеуетті инвесторларды жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді