Индустриалды аймақтардың аумағы ұлғайып жатыр

image.png

Қазіргі таңда Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Соның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласында 40 га жерге орналасқан аймақты қосымша 310 га жерге ұлғайтылды. Өңірлік координациалық кеңесте (РКС) 23 жоба мақұлданып, қазіргі таңда сол жобалар бойынша «Түркістан трасса» ЖШС, «Cordial» ЖШС, «GrandMiks» ЖК, «Мирас ДАМУ лтд» ЖШС, «Азрет-ЖолҚұрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Стройсервис –ХХІ» ЖШС, «НұрлыНазАй» ЖШС жұмыс істеуде. Жалпы 1,1 млрд теңге инвестиция салынды, 270 адам жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, «Соут Aлю Пласт» ЖШС мекемесі құны 600 млн. теңгеге жақын зауытын іске қосты. Бүгінгі таңда бұл мекеме дайын асфальт шығарып, Түркістан қаласының жолдарының жақсаруына өз үлесін қосуда. Сонымен қатар, «Айбек ЛТД» ЖШС мекемесі құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын 240 млн теңгелік өндіру цехын іске қосты. Бұл екі кәсіпорын да желтоқсан айының соңына дейін іске қосылатын болады. Қазіргі таңда жұмыстарын жүргізу үстінде. Жалпы жаңадан 60 адам жұмыспен қамтылмақ.

Ал, «Гранд Микстің» жылына 2,5 млрд теңге. айналымын жүргізіп, 147 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді