Түркістан облысы туризм саласының дамуына ең тиімді аймық. Мұнда тарихи орындар мен табиғаты тамаша мекендер және санаториялық орындар өте көп.
Облыстың 22 танымал туристік нысандарында (Бәйдібек би, Отырар, Арыстан баб, Сауран, Домалақ ана, Сайрам – Өгем МҰТП және т.б) халықаралық стандартқа сәйкес цифрлық QR төлқұжаттар орнатылды.
QR төлқұжаттар «On Guide» туристік мобильді қосымшасымен сондай-ақ turkistantravel.kz порталымен интеграцияланған. Осы орайда, келуші турист нысан бойынша 6 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, араб, қытай) жылдам әрі ыңғайлы ақпарат ала алады. Одан бөлек туристік нысандарға вай-фай интернет желісі қосылмақ.
Түркістан қаласында 2019 жылдың шілде айында iKomek «109» аналогы ретінде iTurkistan «1313» бірыңғай байланыс-орталығы іске қосылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдау аясында «Белсенді азамат» жобасы енгізіледі. Осы жобада Түркістан облысында әртүрлі салаларда жасалып жатқан іс-шараларды халыққа дауысқа қою, шағымдар мен ұсынымдар, басшының қабылдауына электронды тіркелу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын халық бағалайтын арнайы оңтайландырылған платформа қарастырылған. Сілтемесі tur.smartakimat.kz.