Ежелгі әлемдік экономиканың өзегіне айналған Ұлы Жібек жолының Оңтүстіктің ортасынан өтуі бекер емес. Демек, өңір халқының кәсіпкерлік пен сауда-саттыққа бейімділігі ежелден қалыптасқан, бай дәстүрі бар.
Кәсіпкерлер облыс экономикасына айтарлықтай үлесін қосуда. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 150 000 жуық. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орында.
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылы 214 829 адамды құраған. Сонымен қатар ШОК субъектілерімен 449 316 млн. теңгенің өнімі өндірілген.
ШОК үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру мақсатында бірқатар мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 2019 жылға 74,6 млрд. теңге көзделіп, 5 мыңнан астам ШОК жобалары және 42 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылды.
Елбасының бастамасымен қабылданған «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы бүгінгі таңда өңірлер арасында көшбасшы. Жалпы сомасы 60,8 млрд. теңгені құрайтын 316 басым жобалар пулы қалыптасты.
Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары қарқынды жүргізілуде. Әкімдік жанындағы «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы 38 385 ақпараттық-талдамалық кеңестер, 14 223 ШОК субъектілері үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін және кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқу курстары, 1328 рұқсат құжаттары мен техникалық шарттар алу бойынша қызмет көрсетілді.
Аталған қолдаулар нәтижесінде 10 595 жоба қаржыландырылды.