Сайрам ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Әсіресе, мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жеке ісін бастағандар көп.
Биыл Сайрам ауданының еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін 4,9% дейін төмендету мақсаты тұр. Осы мақсатта "Еңбек" бағдарламасы бойынша 8500 азаматты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Ал әлеуметтік қамсыздандыру бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының белсенді шараларына 2019 жылы 7146 адам тартылып, 3871 адам тұрақты және жаңа жұмыс орындарымен қамтылған. Оның ішінде 187-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Алдағы уақытта алты инвестициялық жобаны іске қосылып, 166 жұмыс орны ашылиақ.
"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы да өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіп иелерін қуантуда. Айталық, 450,0 млн теңге көлемінде 10 жобаға несие берілген. Мәселен, "Бақдәулет Grin" ЖШС көкөніс консервілеу цехына 123,3 млн теңге бөлінген. "Озай Зеки" ЖШС сүт өңдеу зауытына 80 млн теңге, "Илесбай Ата" ШҚ жылыжай құрылысына 31 млн теңге несие берілген. Сонымен қатар, микрокредиттік ұйымдар арқылы 11634 адамға 7,2 млрд теңгеге несие берілді.
Атап өтейік, несие алып несібесін арттырушылардың көпшілігі шағын орта бизнес өкілдері.